Апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі табылды — Көлік прокуратурасы

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы көлік прокуратурасының өкілі хабарлаған.

Фото: ҚР ТЖМ

Ақтау маңындағы қайғылы оқиға салдарынан 38 адам қаза тапты, оның ішінде алтауы — Қазақстан азаматтары. Тірі қалғандар саны — 29 адам.

Айта кетейік, таңертең Ақтау қаласының маңында Әзербайжан астанасы Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 69 адам болған. Олардың арасында қазақстандықтар да бар. Қазір адамдарды құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған соңғы мәліметке сәйкес, апаттан аман қалған 29 зардап шеккен жан ауруханаға жеткізілді, оның ішінде 2 бала бар.

Қайғылы жайттан кейін Әзербайжанда 26 желтоқсан Аза тұту күні болып жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Президент тапсырмасына сәйкес Үкімет комиссиясы Ақтаудағы ұшақ апаты орнында жұмысын бастады.