деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Дейтұрғанмен, А-330 аэробусы апатының нақты себебі осы күнге дейін анықталған жоқ. «Эйр Франс» компаниясының Рио-де Жанейродан Парижге ұшып шыққан ұшағы беймәлім жағдайда Атлант мұхитының үстінде апатқа ұшырағанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Ұшақ бортында әлемнің 32 елінен 216 жолаушы және экипаждың 12 мүшесі болған.
Лайнердің құлауына жайсыз ауа райының себеп болу ықтималдығы туралы гипотезаны мамандар теріске шығарып отыр. «Ұшақтың жолында экваториялық аумақ үшін қалыпты ауа райы болған», делінген Зерттеу және талдау бюросының есебінде.