Айта кетейік, бұған дейін Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус Мали билігінің өтініші бойынша Air Algerie ұшағының апатқа ұшырау себебін анықтаумен француздық сарапшылар айналысатындығын мәлімдеген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 24 шілдеде Буркина-Фасо астанасы Уагадугуден Алжирге бағыт алған McDonnell 83 ұшағымен байланыс жоғалып кеткен. AH5017 рейсін ұшақты испандық Swiftair-ден жалға алған Air Algerie компаниясы жүзеге асырған. Лайнермен байланыс ол Уагадугуден ұшып кеткеннен кейін 50 минуттан соң үзілген.
Ұшақ бортында 15 елден 116 адам болған, көпшілігі - француздар.