Министрдің айтуынша, Госси ауданында табылған ұшақтың «қара жәшігі» Мали астанасына жеткізілген және таяу аралықта «француздық билікке» берілетін болады. Естеріңізге сала кетейік, 24 шілдеде Буркина-Фасо астанасы Уагадугуден Алжирге бағыт алған McDonnell 83 ұшағымен байланыс жоғалып кеткен. AH5017 рейсін ұшақты испандық Swiftair-ден жалға алған Air Algerie компаниясы жүзеге асырған. Лайнермен байланыс ол Уагдугуден ұшып кеткеннен кейін 50 минуттан соң үзілген.
Ұшақ бортында 116 адам, олардың ішінде 15 елдің азаматы болған, көпшілігі - француздар.