ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше Алматы облысында апатқа ұшыраған АН-28 ұшағындағы екінші ұшқыш Евгений Кутафин Оралдан еді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Оралда туып-өскен, қыркүйек айында отызға толған Евгений жасынан парашют спортымен кәсіби түрде айналысты. БҚО құрамасы сапында халықаралық жарыстарда сан мәрте жүлделі орындарға қол жеткізді. Оның осындай табыстары жөнінде кезінде «ҚазАқпарат» агенттігі де жазды.
Оның бапкері Раис Сюндюковтің айтуынша, Евгений Кутафин парашют мектебінде осы спорт түрімен айналысып, спорт шеберлігіне үміткер атанды. Кейін азаматтық авиация академиясына түсіп, АН-2 ұшағымен ұшты. Сосын АН-28 ұшағында ұшқыш болу үшін қайта даярлықтан өтті. Алдына үлкен мақсат қойған, достары арасында беделді жан еді.
Айта кетейік, марқұмның соңында ата-анасы, әйелі және кішкентай баласы қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).