«Алдын ала мәлімет бойынша, Иранда апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстан азаматтары болған жоқ», - деді Ә.Жайнақов.
Еске салайық, бүгін Иранда Тегераннан Ясуджге бет алып келе жатқан жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортында 60 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болды. Олардың барлығы ажал құшты.