« Ұшулар қолбасшылығы ұшқышқа ұшақты тастап шығуға бұйрық берген еді. Алайда, ол әуе кемесін құтқаруға әрекет жасап, мерт болды », - деп хабарлады РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, генерал-майор Игорь Конашенков.
Жойғыш ұшақ үйлерден қашық аймаққа құлап, жергілікті тұрғындар зардап шеккен жоқ. Ұшақ құлағаннан кейін шыққан өртті сөндіруге 30-дан астам өрт сөндіруші мен жеті техника жұмылдырылды. Апат орнына Ресей қ ор ғ аныс министрлігінің комиссиясы аттанды.
Айта кетейік, ұшақ Астраханнан 30 шақырым жерде жоспарлы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатқа ұшыраған еді.