ТЖМ ресми өкілі Луиза Севилдің айтуынша, Улуг-Хемск ауданының жергілікті тұрғынынан Тос-Тевек мекеніндегі Эйлиг-Хем ауылынан 15 шақырым қашықтықта дөңгелек пішінді металл заттың табылғаны туралы ақпарат келіп түскен.
Өрт сөндіру гарнизоны жедел тобының мәлімдеуінше, тау бөктерінде диаметрі 90 сантиметрлік сынықтар табылған.
«Прогресс-МС-04» кемесімен байланысты оқиға бейсенбі күні кешке орын алған. Ғарыш кемесі Туваның тұрғын жоқ таулы аймағында апатқа ұшырап, құрылғының көп бөлігі ауада жанып кеткен.