Апатқа ұшыраған «Союз-ФГ» бөлшектері Самараға жеткізіледі
Алдағы аптаның басында «Прогресс» зымыран-ғарыш орталығында ұшыру сынақтары жөніндегі комиссия жұмысқа кіріседі. Олар қорытынды шығару үшін апатты зымырантасығыштың бөлшектерін зерттеумен айналысады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 12 қазанда Жезқазған қаласында орналасқан №1 Ресей базасының және құралдарының күшімен ғарыш кемесінің баспалдақтары табылды.
Аталған аумақтан зымыран бөлшектері толықтай шығарылғаннан кейін, «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығының мамандары топырақ пен ауа сынамаларын зерттеу жұмыстарына кіріседі.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда 14 сағат 40 минут 15 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин старт алаңынан орбитаға басқарылатын көліктік «Союз МС-10» кемесін алып шығуы тиіс «Союз ФГ» зымырантасығышы ұшырылды. Бірақ старт берілген соң бірнеше минуттан кейін Роскосмос сайтындағы тікелей көрсетілім үзіліп, диктор «зымырантасығыштың апатқа ұшырағанын» хабарлаған еді.