Апатқа ұшыраған Ту-154 ұшағында әйгілі «Любэ» тобының вокалисі болған
Насибулин Александров атындағы ән-би ансамблінің әртістерінің қатарында болған.
«Ұшақтың бортында Александров ансамблінің әртісі, «Любэ» тобының бұрынғы мүшесі Евгений Насибулин де болған. Ол «Любэ» тобының құрамында 90-шы жылдардың басында жұмыс істеді. Біз Женяның туғандары мен туыстарының қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз»,-деді «Игорь Матвиенко атындағы орталық» жетекшісі Андрей Лукинов.Ол Александров атындағы ансамбль өкілдері «Любэ» тобының әндерін жиі жазатын. Соңғы рет олар Құрғақтағы әскерлердің гимнін жазу жұмыстары барысында бірге қызмет етті.
«Айта кетейік, 25 желтоқсанда ресейлік делегация өкілдері мінген ұшақ әскери азаматтарды Жаңа жылдарымен құттықтау үшін Ресейдің Сириядағы «Хмеймим» авиабазасына ұшып бара жатып, апатқа ұшырады.
Ұшақтың бортында 92 адам болған. Осыған дейін Ту-154 ұшағының құлауы мүмкін аймағы болжанған болатын.