Болған оқиғаның салдарынан үш жолаушы мен ұшқыш қаза тапты. Ұшақтың ішінде болған тек жеті жасар қыз бала ғана аман қалған. Бала ең жақын тұрған үйге дейін өзі жеткен, үйдің тұрғындары болса көмекке құтқарушыларды шақырды.
Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталу үстінде. Алдын ала ақпарат бойынша, екімоторлы ұшақтың қозғалтқышында ақаулар болған.