Таяуда, Галимов экипаждың екінші бір тірі қалған мүшесі Александр Сизовпен бірге Мәскеуге жеткізілді. Галимовтың жағдайын дәрігерлер өте ауыр деп бағалауда. Оның денесінің 90%-ын күйік шалған. Сизовтың жамбасы сынған және денесінің 15%-ы күйген, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Дәрігерлердің хабарлауынша, хоккейшіні емдеу әдісі тыныштықты қажет етеді. Қазір Галимов дәрімен ұйқыда жатыр, өкпесіне жасанды желдеткіш қосылған.