Бұл туралы бүгін құрылыс индустриясын дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте агенттік төрағасының орынбасары Николай Тихонюк мәлім етті.
Оның айтуынша, Астана қаласы бойынша апатты үйлерді бұзу және ол жерден азаматтарды көшіруді тұрғын үй мен сол үй орналасқан жерді мемлекет есебіне алу тәртібімен жүзеге асыру туралы шешім қабылданған. Бұл ретте техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдайлар жариялануы көзделеді.
«Қазіргі таңда Астанада жалпы аумағы 150 мың шаршы метрді құрайтын 228 апатты үйлер бар. Оларды 2018 жылға дейін бұзуды қамтамасыз ету үшін оларға қаражаттың қайтарымын да қамту керек. Бұл ретте қаржыландыру сұранысы 2013-2014 жылдарға шамамен 40 млрд. теңгені құрайды, әр жылға 20 млрд. теңгеден», - дейді агенттік төрағасының орынбасары. Оның айтуынша, аталған апатты үйлерді бұзу есебінен 1 млн. шаршы метр баспана немесе 18 мың 400 пәтер салу көзделеді. Бұның ішінде бұзылған үйлердің тұрғындарына жалпы аумағы 211 мың шаршы метрді құрайтын 4070 пәтер беру көзделеді. «Бұл барлық тұрғызылатын үйдің 30 пайызы, ал қалған 70 пайызы қайтарымды қамтамасыз ету және айналымға қайта салынған қаражаттың қамту үшін сатылатын болады. Жалпы, Астанада апатты тұрғын үйлерді бұзу - бұл «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын ілкі жоба болып табылады.