«Жаңа Құрылыс» ЖШС арнайы маманданған ұйымының тұжырымына сәйкес, 2016 жылдың қараша айында Жезқазғандағы Алаша хан көшесі №33 көпқабатты үйдің кіреберісі апатты деп танылды», - делінген хабарламада.
Билік мәліметтеріне сүйенсек, жұмыстардың сметалық құны 3,2 млн теңгені құрайды.
«Жаңа Құрылыс» ЖШС сарапшылар тобы үйді тексеріп шықты және жарамды деп таныды. №1 апатты кіреберісте 15 жеке меншіктегі пәтер бар», - деп көрсетілген хабарламада.
Әзірге кіреберістің қирауының алдын алу үшін құрылыс шаралары жасалды. «Металл тіреуіштер уақытша құрылымдар ғана. Олар іргетас пен уақытша құрылмалар нығайған соң алынады», - деп түсіндірді облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Панельді көпқабатты үй 1966 жылы тұрғызылған. Онда 6 кіреберіс, 90 пәтер бар.