"Қиындықтарға және бюджеттiк қысқартуларға қарамастан, бiлiм беру және денсаулық сақтау саласын жаңғырту бойынша жұмыстар жалғасын табады. Бұл салаларда басталған құрылыстардың барлығы аяқталады. Апаттық және үш ауысымды мектептердiң мәселесiн шешуге биыл 17,3 млрд теңге бөлiнедi", - дедi сенатор.
13:50, 12 Наурыз 2015
Апаттық және үш ауысымды мектептердiң мәселесiн шешуге биыл 17,3 млрд теңге бөлiнедi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Апаттық және үш ауысымды мектептердiң мәселесiн шешуге биыл 17,3 млрд. теңге қарастырылды. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Парламентi Сенатының депутаты Ахан Бижанов мәлiм еттi.