Қытайдың Фошан (Гуандун провинциясы) қаласында өткен сайыста отандасымыз өкінішке қарай, қытайлық боксшы Лу Биннен 3:0 (58:56, 58:56,58:56) жеңіліп қалды.
Осы салмақ категориясындағы басқа сайыстардың нәтижесі мынадай:
Давид Айрапетян (Ресей) - Карлос Пилатакси (Эквадор) 0:3.
Леандро Бланк (Аргентина) - Марк Баррига (Филиппин) 0:3.
Жонглин Ву (Қытай) - Патрик Чагас (Бразилия) 2:1.
Осымен, қазақстандық боксшылар үшін Про-боксинг жобасының алғашқы туры аяқталды. Бұған дейін Берік Әбдірахманов (60 кг), Антон Пинчук (91 кг дейін) және Ілияс Сүлейменов өз сайыстарын жеңіспен аяқтаса, Әділбек Ниязымбетов (81 кг) қарсыласына есе жіберіп алды.