Ресейдің Новосібір қаласында өткен сайыста отандасымыз өзбекстандық боксшы Жасұрбек Латиповты 3:0 (60:54, 58:56, 60:54) есебімен жеңді. «Мен Латиповпен өткен жылы Астанада өткен халықаралық турнирде кездесіп, оны 20:13 есебімен жеңген болатынмын. Биыл Азия ойындарында финалда тағы бір өзбек боксшысы Шахобиддин Зоировты тізе бүктіргеннен кейін, Латиповтың бұл кездесуге тыңғылықты дайындықпен келетіндігін түсіндім. Бірақ, мен күшімді сарқып алмай, алты раундқа жеткіздім.
Бапкерлерім Марат Елеусінов пен Ақылбек Нұрмағамбетов екі қалыпта да жұдырықтаса беретін әмбебап боксшыға қарсы қалай әрекет жасауым керектігін түсіндірді. Оны үнемі қысқпақа алуым керек болды. Бұл тактика өз нәтижесін берді» - деді Ілияс Сүлейменова өз сөзінде.
Ілиястың келесі қарсыласы 2013 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері алжирлік Мұхаммед Флисси. Ол өз кезегінде қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.
Айта кетелік, 52 келі салмақ дәрежесіндегі сайыс Ресейдің Новосібір қаласында өтіп жатыр. Оған 2014-ші жылғы Азиада чемпионы Ілияс Сүлейменов, 2013 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жасұрбек Латипов, Элиас Эмигдио (Мексика), Александр Александров (Болгария), Редуан Аслум (Франция), 2013 жылғы Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Мұхаммед Флисси (Алжир), Ферандо Мартинез (Аргентина), Әлемнің екі дүркін чемпионы Миша Алоян (Ресей) және 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Винченцо Пикарди (Италия) қатысуда.