Балықшы палестиналық мүсіннің құндылығын білу үшін оның саусағын кесіп алған. Жақында ол тапқан олжасын Ebay-ға сатылымға қойып, тарихи жәдігер үшін 500 мың доллар сұраған. Алайда, оның олжалы болсам деген ойынан түк шықпады. Себебі, мүсін жайлы Газа секторын басқаратын ХАМАС қозғалысының басшылығы білген. Жергілікті полиция Аполлонды кәмпескелеп, Джуда Грабқа тарихи құндылықты сатқысы келгені үшін қылмыстық іс қозғады.
Мүсіннің қазір қайда екені белгісіз. Мамандар оны тек суреттеріне қарап, жәдігерге кем дегенде 2000 жыл болғанын айтып отыр. Сондай-ақ олар мүсіннің қоладан жасалғанына қарағанда, ол ғибадатхана немесе сарайдың бір бөлігі болуы мүмкін деген пікірде, деп жазады segodnya.ua.