«Киберхабар» атты киберқауіпсіздік саласына маманданған сайттың мәліметінше, жыл басынан бері жүргізілген зерттеулер нәтижесінде әрқайсысында ондаған миллионнан бастап 3,5 миллиардқа дейін ақпарат бар 30 ірі дерекқор арнайы ақпарат ұрлайтын бағдарламалық қамтамасыз ету (Infostealer) арқылы бұзылғаны анықталды.
Зерттеу барысында бұл 30 дерекқорда жалпы 16 миллиардтан астам дерек болғаны белгілі болды. Бұл — тарихтағы ең ауқымды деретің таралу немесе ұрлану фактісі.
Бұл деректер «қару ретінде қолдануға болатын үлкен көлемдегі барлау ақпараты» ретінде сипатталып, Apple, Facebook, Google, GitHub, Telegram және бірқатар мемлекеттік онлайн-сервистерге кіру үшін қолданылуы мүмкін.
Айта кетейік, мамыр айында әлем бойынша пайдаланушыларға тиесілі 184 миллион дерек әшкереленген болатын. Олар да осы 30 дерекқордың ішінен табылған.
Еске сала кетейік, жақында Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының жеке деректері тарады деген ақпарат шыққан еді. Осы мәселеге қатысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) ресми мәлімдеме жасап, жеке деректердің таралуына қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын айтқан болатын.