Басылымның жазуына қарағанда, LG Display компаниясы iPhone жаңа үлгісі үшін иілгіш OLED-экранын жасайтын команда жасақтаған.
Айта кетейік, Samsung иілгіш смартфондарды келесі жылы нарыққа шығаруды ойлап отыр. Ал Apple мұндай нұсқадағы технологияны 2020 жылға қарай шығаруды жоспарлауда.