ҚХР Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігінің жаңартылған құжаттарына сәйкес, Apple-дің алғашқы жиналмалы смартфоны iPhone Duo мен өзге де құрылғыларының тізіліміне үш ЖИ моделі енгізілген. Олардың қатарында Apple компаниясының Apple Intelligence жүйесі және Alibaba компаниясының Tongyi Wanxiang пен Tongyi Qianwen сервистері бар.
ЖИ алгоритмдерінің тіркелуі Apple компаниясының Қытай нарығында жасанды интеллект сервистерін толыққанды іске қосуына жол ашты.
Қытайдың реттеуші органдары бұл өзгерістерді 29 қыркүйекте мақұлдады. Тіркеу нөмірлері жиналмалы iPhone Duo-мен қатар, iPhone 18 Pro, iPhone 17 Pro және iPhone Air смартфондарының құжаттарына да енгізілді.
Шілде айында Қытайдың Киберкеңістік басқармасы Apple құрылғыларында Apple Intelligence жүйесін пайдалануға рұқсат берді. Ал Alibaba компаниясы генеративті функциялар мен мультимедиалық контентті өңдеуге мүмкіндік беретін Qwen нейрожелісінің Apple операциялық жүйелеріне енгізілгенін растады. Бұл мүмкіндіктерді пайдалану үшін қосымша бөгде қолданбаларды орнатудың қажеті жоқ.
Жиналмалы iPhone Duo смартфонының Қытайдағы сатылымы 23 қазанда басталады. Бастапқы бағасы — 15 999 юань (шамамен 2 387 АҚШ доллары).
Бұған дейін Apple алғашқы бүктелмелі iPhone-ын таныстырғанын хабарлаған едік.