Ондағы ақпаратқа сәйкес, талап-арыз 10 шілдеде берілген. Apple OpenAI компаниясын коммерциялық құпияны заңсыз пайдаланды деп айыптап отыр.
CNBC телеарнасының хабарлауынша, Apple өзіне тиесілі зияткерлік меншік пен құпия ақпарат OpenAI бағдарламалық жасақтамасын әзірлеу кезінде пайдаланылған деп есептейді.
Талап-арызда OpenAI жасанды интеллект саласындағы стартапына жұмысқа орналасқысы келген Apple қызметкерлеріне корпорацияның коммерциялық құпияларын жеткізу ұсынылғаны да көрсетілген.
Бұған дейін Apple чип өндірісіне 30 миллиард доллар инвестиция салатыны туралы хабарланды.
Сонымен қатар Apple өз өнімдерінің бағасы өскенін ескертті.