Талапкерлердің айтуынша, қондырғылар үшін жүйелік жаңартулар жадының көп бөлігін алып қояды, ал пайдаланушыларда өздерінің жеке мәліметтерін сақтауға орын жетпей қалады.
Сотқа берген Калифорния тұрғындары Apple гаджеттеріндегі соңғы жаңартулар жадының 23 пайызға дейін орын алатынын, соның салдарынан пайдаланушылар өз мәліметтерін сақтау үшін Icloud ақылы сервисіне жүгінетінін айтады.
Американдықтар компаниядан ICloud-ты пайдалануға мәжбүр болғандардың бәріне төлеу үшін бірнеше миллион доллар көлемінде өтемақы талап етуде.
CBS агенттігінің хабарлауынша, Apple әзірше бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ.