Apple корпорациясының басшысы 2011 жылы сағатына 42 мың доллар табыс тапқан

None
АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Apple корпорациясының басшысы Тим Кук 2011 жылдың қорытындысы бойынша АҚШ-тың ең жоғары табыс табатын топ-менеджері атанды.

Бұл туралы The New York Times газеті жазды. Ол өзінің жұмысы үшін 376 млн. доллар сомасында сыйақы алды.

Атап өтейік, Куктың ақшалай өтемақасы салыстырмалы түрде әлдеқайда төмен - небәрі 900 мың долларды құрады. Дегенмен компанияның «құнды» қағаздарынан келген бонус оған күніне миллион доллар немесе сағатына 42 мың доллар пайда табуға мүмкіндік берді.

Apple корпорациясынан алған акцияны Кук екі шығарылымда іске асыра алады, 2016 және 2021 жылы. Қазірдің өзінде оның пакетінің құны 634 млн. долларға дейін өсті.

 Америкалық корпорацияның басшысы 2011 жылы орташа алғанда 14,4 млн. доллар табыс тапты.