Apple қызметкері компанияның штаб-пәтерінде өзіне қол салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ полициясы Apple-дің Купертино қаласындағы (Калифорния штаты) штаб-пәтерінде сәрсенбі қайтыс болған компания қызметкері өзіне қол салғанын мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.

Санта-Клара округіндегі шериф басқармасының ресми өкілі Андре Уренаның айтуынша, ол кісі қолынан қаза таппаған, өзіне қол салған.
Ер адамның денесі таңертең баспасөз конференциялары өткізілетін залдан табылды. Куәгерлер оның қасында тапанша жатқанын айтқан. Бұған дейін полиция Apple-дің қаза тапқан қызметкерінің есімі Эдвард Маковиак екенін, ол 25 жаста болғанын хабарлаған еді.