Apple мобильді қосымшалардың рубльдегі бағасын өзгертті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Apple корпорациясы App Store-тағы мобильді қосымшалардың рубльдегі бағасын қайта қарады, деп жазады хабар.кз.

16 желтоқсан күні ресейлік Apple Store онлай-сауда дүкені бағаларды өзгерту үшін уақытша жабылды. Компания өкілдері аталған шараны «рубль бағамының қатты ауытқуымен» түсіндірді.

Қазір iPhone, iPad-қа және Apple-нің басқа да құралдарына арналған ойындар мен қосымшалардың бағасы 62 рубль/доллар қатынасына қарай есептелетін болды.

Бұдан ертерек, Apple компаниясы ресейлік онлайн-сауда дүкенін 26 қараша күні жапқан болатын. Нәтижесінде Apple сайтындағы iPhone 6 және iPhone 6 Plus-тің бағасы 8-10 мың рубльге артқан еді.