Apple өкілдері IPhone жарылысынан зардап шеккен ақтөбелік қызға хабарласты
Еске сала кетсек, Ақтөбе тұрғыны Ардақ Орынбасарова бір аптадан бері ауруханада жатыр. Денесінің 30 пайызын күйік шалған қыз жарылған айфон телефонынан зардап шекті, деп жазды «Диапазон».
Оқиға желтоқсанның 17-сінен 18-іне қараған түні орын алды. Сағат 2:56-да қоңырау түсіп, 3:02-де «Жедел жәрдем» бригадасы айтылған мекенжайға жеткен. «Айфон 5S» қуаттандырылып жатқан жоқ болатын. Ол төсегімнің үстінде болды, - деді Ардақ. - Таңертең маңызды іс-шараға баруым керек болғандықтан барлық заттарымды дайындап қойдым. Ал түнде мені біреу итеріп жібергендей болды. Оянғанда төсегім өртеніп жатты. Өрт айфоннан шыққан, бірақ ол қуаттандырылып жатпаған болатын. Қуаттандырғыш құралым өрт кезінде жанып кеткен. Маған ұялы байланыс салонының қызметкерлері келді. Болған оқиғадан пайда табуды көздеп отырған жоқпын, бар болғаны мәселенің мән-жайын анықтау қажет».