10:36, 22 Қаңтар 2025
Apple тағы да әлемдегі ең қымбат брендтер тізімінде көш бастады
АСТАНА. KAZINFORM – Apple екінші жыл қатарынан әлемдегі ең қымбат бренд атанды. Бренд құны бір жыл ішінде 11%-ға өсіп, 574,5 миллиард долларға жетті. Бұл туралы жыл сайынғы Brand Finance Global 500 зерттеуінде айтылған, деп жазады Report.