Apple жаңа iOS 10 операциялық жүйесін шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple компания өзінің мобильдік құрылғыларына арналған жаңа iOS 10 операциялық жүйесін шығарды. Оны iPhone 5-тен бастап барлық айфондарда, iPad mini 2-ден бастап барлық айпадтарда жүктеп орнатуға әзір, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Жаңа жүйе iTunes арқылы жүктеледі немесе бағдарламалық қамтылымды тегін жаңғырту нұсқасында да қол жетімді.

Жүйедегі өзгерістер экранды құлыптау, Siri дауыстық көмекшісі, пернетақта,  фотогалерея, жеке хабарламаларға қатысты болды.