Kazinform тілшісінің шолуында осы аптадағы ең басты кинопремьераларды ұсынамыз.
Коллаж: Kazinform / Kinopoisk.ru
7 қарақшы
Жанры: экшн, шытырман оқиға
Ұзақтығы: 120 минут
Ел: Қазақстан, 2026
Режиссер: Куаныш Бейсек
1978 жыл. Дінмұхамед Қонаев жеті кәсіби қылмыскердің басын қосып, оларға аса қауіпті құпия миссия тапсырады: ядролық детонаторды ұрлап, Семей полигонындағы ең жойқын жарылыстың алдын алу. Бар айла-тәсілі мен қылмыстық шеберлігін іске қосқан «7 Қарақшы» елдің болашағы шешілетін миссияға аттанады.
Бәрі де махаббат туралы, (Все фильмы только о любви)
Жанры: драма, махаббат хикаясы
Ұзақтығы: 120 минут
Ел: КСРО, Франция, Жапония, 1960-2020
Олег Борецкийдің киноклубы өмірдегі және кинодағы махаббат туралы түсініктерді талқылайды. Паскальдің сөзімен айтқанда, махаббат елеске ұқсайды: ол туралы бәрі айтады, бірақ оны ешкім көрген емес. Соңғы 100 жыл ішінде махаббат туралы түсінігіміз қалай өзгерді?
Леверенц. Құдіретті қараңғылық, (Леверенц. Божественная тьма)
Жанры: деректі фильм, өмірбаян, өнер
Ұзақтығы: 70 минут
Ел: Швеция, 2024
Режиссер: Свен Блуме
Сигурд Леверенц — Швецияның ең танымал сәулетшілерінің бірі. Оның ғимараттары заманауи сәулет үлгілері ретінде бағаланады, ал шығармалары мектептерде әлі де оқытылады. Леверенц модернист сәулетші болғанымен, стильге де ерекше мән берген. Ол құрылыс жүйелерінің түрлі тәсілдерін жетік меңгеріп, жобаларының ең ұсақ бөлшектеріне дейін өзі қадағалаған. Осы ерекшелігі үшін оны «скандинавиялық Гауди» деп атаған. Бұған дейін жарияланбаған мұрағаттық бейне және аудиожазбаларға негізделген бұл деректі фильм Сигурд Леверенцтің өмірі мен ең маңызды туындылары туралы баяндайды.
Межелі мекен. Өлім қолы, (Пункт назначения. Рука смерти)
Жанры: хоррор
Ұзақтығы: 112 минут
Ел: Тайвань, 2026
Режиссер: Алекс Ван
Бір топ дос кез келген тілекті орындайтын ерекше қол алысу рәсімі туралы естиді. Оның шынымен жұмыс істейтінін тексермек болған олар қауіпті ойынның басталуына себеп болады. Содан кейін достардың әрқайсысын өлім кезекпен аңди бастайды. Ең қорқыныштысы — өлім оларды әр жолы күтпеген әрі қатыгез тәсілмен табады.
Уақыт материясы, (Материя времени)
Жанры: қылмыс, триллер, фантастика
Ұзақтығы: 89 минут
Ел: Австралия, 2025
Режиссер: Майкл О’Хэллоран
Ғарышқа ұшуға мүмкіндік беретін қозғалтқыш жасап жатқан ғалымдар тобы сәтсіз тәжірибеден кейін қаржыландырудан айырылады. Алайда олар зерттеулерін тоқтатпай, жобаны өз күштерімен жалғастыруға шешім қабылдайды. Мақсаттарына жету үшін заңсыз әрекеттерге барған ғалымдар енді әлемді құтқару мен өздері таңдаған жолдың арасында қалады. Ғылым үшін заңды бұзуға бола ма?
Иван ертегіге қалай тап болды? , (Как Иван в сказку попал)
Жанры: шытырман оқиға, комедия, фэнтези
Ұзақтығы: 110 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Алексей Нужный
Иван Добрынин орыс ертегілерін ұнатпайды, тіпті олардың бар екеніне де сенбейді. Бір күні ол кездейсоқ сиқырлы сандыққа түсіп, ертегілер әлеміне тап болады. Үйіне қайту үшін Иванға түрлі тылсым күштермен бетпе-бет келіп, жаңа достар табуға және нағыз ерлік жасауға тура келеді.
Кек алушылар: Соңғы шайқас. Кеңейтілген нұсқа, (Мстители: Финал. Расширенная версия)
Жанры: экшн, шытырман оқиға, драма, фантастика
Ұзақтығы: 186 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Энтони Руссо, Джо Руссо
Таностың қолынан жеңілгеннен кейін Кек алушылардың аз ғана бөлігі тірі қалады. Енді олар болған жағдайды өзгертіп, әлемді құтқарудың жолын табуы керек. Ол үшін Кек алушылар мен олардың одақтастары жаңа жоспар құрады. Бірақ бұрынғы шайқастың зардабынан кейін бұл жолы олардың қателесуге мүмкіндігі жоқ.
Флорист
Жанры: экшн, триллер
Ұзақтығы: 98 минут
Ел: Италия, Ұлыбритания, 2026
Режиссер: Бабак Наджафи
Тыныш өмір сүріп, бағбан болып жүрген ер адамның ешкім білмейтін сыры бар: ол — жалдамалы өлтіруші. Полициядағы жемқорлыққа куә болған адаммен күтпеген жерден достасып кеткенде, оның шын болмысы ашылып қалу қаупі туады.
Аң жүрегі, (Сердце зверя)
Жанры: экшн, шытырман оқиға, драма, триллер
Ұзақтығы: 96 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Дэвид Эйр
Ұшақ апатынан кейін арнайы жасақ офицері мен оның қызметтік иті Алясканың қалың орманында қалып қояды. Айналада адам жоқ. Аяз бен жабайы табиғат олардың өміріне қауіп төндіреді. Екеуі аман қалу үшін бар күшін салуға мәжбүр.
Зұлымдық мекені, (Обитель зла)
Жанры: ужас
Ұзақтығы: 90 минут
Ел: АҚШ, Германия, 2026
Режиссер: Зак Креггер
Курьерге шалғайдағы ауруханаға сәлемдеме жеткізу тапсырылады. Алайда ол ауруханада белгісіз вирустың таралғанын байқайды. Енді курьер мутант жаратылыстардың шабуылынан аман қалу үшін күресуге мәжбүр.
Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.