Апта аяғында доллар бағамы қалай өзгерді

Фото: Pexels

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл өзгерді.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,01 теңгеге қымбаттап, 538,13 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 538,11 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 539,03 теңгеден сатып алынады, 540,84 теңгеден сатылады. Еуро 623,75 – 627,58 теңге, ал рубль 6,55 – 6,66 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 76,09 теңгеден сатып алынады, 78,52 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 536,46 теңгеден сатып алынады, 542,46 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 621,46 теңге, сату - 629,48 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,55 теңге, сату - 6,70 теңге.
- юань: сатып алу - 76,27 теңге, сату - 80,08 теңге.

Еске салайық, 23 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,46 теңгеге арзандап, 538,11 теңге болды.