Апта аяғында доллар бағамы қайта көтерілді

Фото: arbyreed / Flickr / CC BY-NC-SA 2.0

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,89 теңгеге қымбаттап, 504,49 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 499,65 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 504,66 теңгеден сатып алынады, 507,51 теңгеден сатылады. Еуро 587,34 — 593,31 теңге, ал рубль 6,50 — 6,64 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,45 теңгеден сатып алынады, 74,40 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 503,75 теңгеден сатып алынады, 510,76 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 584,60 теңге, сату — 594,50 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,50 теңге, сату — 6,65 теңге.
— юань: сатып алу — 72,50 теңге, сату — 76,90 теңге.

Еске салайық, 4 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,98 теңгеге арзандап, 499,65 теңге болды.