Апта аяғында доллар тағы арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,32 теңгеге арзандап, 536,32 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 537,84 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,04 теңгеден сатып алынады, 540,07 теңгеден сатылады. Еуро 626,99 – 631,21 теңге, ал рубль 6,56 – 6,69 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 76,10 теңгеден сатып алынады, 78,59 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
– доллар 536,34 теңгеден сатып алынады, 542,32 теңгеден сатылады;
– еуро: сатып алу - 625,53 теңге, сату - 633,54 теңге;
– рубль: сатып алу - 6,52 теңге, сату - 6,68 теңге.
– юань: сатып алу - 76,08 теңге, сату - 79,91 теңге.
Еске салайық, 16 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,6 теңгеге арзандап, 537,84 теңге болды.