Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,58 теңгеге түсіп, 473,40 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 476,07 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 469,97 теңгеден сатып алынады, 476,97 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 534,96 теңге, сату - 544,96 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,70 теңге, сату - 6,10 теңге.
- юань: сатып алу - 68,92 теңге, сату - 73,35 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 472,67 теңгеден сатып алынады, 475,15 теңгеден сатылады. Еуро 537,34 – 542,33 теңге, ал рубль 5,65 – 5,79 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,54 теңгеден сатып алынады, 71,08 теңгеден сатылады.
Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 9,85 теңге өсіп, 476,07 теңге болды.