Апта бойы арзандаған доллардың бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,88 теңгеге өсіп, 462,22 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 460,13 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 460,00 теңгеден сатып алынады, 467,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 533,00 теңге, сату - 543,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,25 теңге, сату - 5,55 теңге.

- юань: сатып алу - 68,54 теңге, сату - 72,59 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 461,87 теңгеден сатып алынады, 463,99 теңгеден сатылады. Еуро 533,42 – 538,63 теңге, ал рубль 5,26 – 5,41 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,41 теңгеден сатып алынады, 70,92 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 18 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,14 теңгеге түсіп, 460,13 теңге болды.