Апта ішінде 2650 жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Республика аумағында өткізілген «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» апталығы аяқталды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазанның 11-і мен 18-і аралығында Жол полициясы бөлімшелерінің барлық жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет атқарды. Жедел-алдын алу іс-шара кезінде 63 мыңнан аса Жол қозғалысы ережелерін бұзушылық фактілері анықталған. 2650 жүргізуші мас күйінде көлік басқарғандары үшін тиісті жауапкершілікке тартылды. Жылдамдық тәртібін бұзғандығы үшін 15 мыңнан астам жүргізушіге айыппұл салынды. Жолдың қарсы бетіне шыққан 1101 және көлікті тиісті құжаттарсыз жүргізген 5 мың жүргізуші әкімшілік шараларға тартылды.

Сонымен қатар іс-шараны өткізу кезінде Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 2014 жаяу жүргіншілерге айыппұл салынды.