Бұрын жасалған 540 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 131 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 24 қылмыскер іздестіріліп, табылды, сондай-ақ 6 қару тәркіленді. Бұдан бөлек, есірткінің заңсыз айналымына байланысты 61 қылмыс анықталды, оның 30-ы сату фактісі болып отыр. 360 келіден аса есірткі заты, оның ішінде 2 келіден аса героин есірткісі тәркіленді.
16:46, 14 Наурыз 2012
Апта ішінде 4 мыңнан астам қылмыс тіркелді - ІІМ
АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Апта ішінде 4322 қылмыс тіркеліп, 2310 қылмыс «ізі суымай» ашылды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.