Ведомствоның атап өтуінше, 1 апта ішінде 74 есірткі қылмысы, оның ішінде 38 есірткі сату фактісі анықталды. 15 келіден астам есірткі тәркіленсе, оның жарты келіден астамы есірткінің ең ауыр түрі героин болып отыр.
Мәселен, Алматы қаласы ІІД-нің қызметкерлері арнайы іс-шараларды өткізу барысында Өзбекстан Республикасының 20 жастағы азаматын құрықтады. Тексеру кезінде одан сатуға арналған 300 граммға жуық героин тәркіленді. Қазіргі уақытта есірткіні жеткізу арнасын анықтауға бағытталған кешенді арнайы іс-шаралар жүргізілуде.