Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Оның деректеріне қарағанда, апта ішінде іздеуде жүрген 99 күдікті қолға түсіп, 5 атыс қаруы тәркіленген. Сондай-ақ есіртікінің заңсыз айналымымен байланысты 112 қылмыс анықталып, оның 40 фактісі есірткіні саудалауға қатысты болған. Заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі алынды.