Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұрын жасалған 686 қылмыс, соның ішінде өткен жылдар санатындағы 457 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 97 қылмыскер іздестіріліп, табылды. Заңсыз айналымнан 8 қару алынды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 66 қылмыс анықталды, оның 38-і сату фактісі бойынша. 7 келіден астам есірткі заты алынды, оның ішінде 1,5 келісі - героин.