АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Апта ішінде 5671 қылмыс тіркеліп, «ізі суымай» 2699 қылмыстың беті ашылды.
ҚР ІІМ мәліметтеріне қарағанда, бұрын жасалған 710, оның ішінде өткен жылдардағы 36 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 124 қылмыскер іздестіріліп, табылды. 12 бірлік қару-жарақ тәркіленді.
Сондай-ақ есірткі қылмысына қатысты 40 факті анықталды, оның 16-сы сатумен байланысты. Нәтижесінде 130 келіден астам есірткі заты тәркіленді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.