Апта ішінде республика аумағында 3947 қылмыс тіркеліп, оның 2455-і «ізі суымай» ашылды

None
ТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Апта ішінде республика аумағында 3947 қылмыс тіркеліп, оның 2455-і «ізі суымай» ашылды.

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Апта ішінде 3947 қылмыс тіркеліп, «ізі суымай» 2455 қылмыс, бұрын жасалған 552 қылмыс ашылды. 155 күдікті іздестіріліп, табылды, 68 қару алынды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 99 қылмыс анықталды, оның 50 есірткі сату фактісі. Бір тоннадан аса есірткі алынды», - деді ресми өкіл.