Апта ішінде республика аумағында 4 мыңнан астам қылмыс тіркелді - ҚР ІІМ

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Апта ішінде республика аумағында 4 мыңнан астам қылмыс тіркелді. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ  Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Апта ішінде 4099 қылмыс тіркеліп, «ізі суымай» 2057 қылмыс ашылды. Бұрын жасалған 776 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 179 қылмыс ашылды», - деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, сонымен қатар бұрыннан іздеу жарияланған 132 қылмыскер табылып, қолдарына кісен салынған.

«Апта ішінде 14 қару тәркіленді. 51 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 27 сату фактісі бар. 55 келіден аса есірткі зат, оның ішінде 9 келіден аса героин тәркіленді», - деді Н.Ораз.