АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Апта ішінде республика аумағында 5470 қылмыс тіркелді. Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Апта ішінде 5470 қылмыс тіркеліп, «ізі суымай» 2577 қылмыс ашылды. Бұрын жасалған 653, оның ішінде өткен жылдардағы 110 қылмыс ашылды»,- деді ол.
Сонымен қатар ресми өкілдің атап өтуінше, іздеу жарияланған 70 қылмыскер іздестіріліп, табылған.
«52 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 19-ы сату фактісі. 285 келі есірткі заты тәркіленді», - деді Н.Ораз.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.