деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның ішінде 1240 қылмыстың ізі суымай ашылған. Қылмысқа қатысы бар деген сезікпен 87 күдікті ұсталды, 9 атыс қаруы тәркіленді.
Ал есірткі қылмысына қарсы күрес желісі бойынша 111 қылмыс тіркелген. Соның ішінде есірткі сату фактісі бойынша 30 оқиға анықталды.
«Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ВАЗ-2121 көлігін тексеру барысында 164 грамм героин тауып алды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау орынына қамауға алынды. Жамбыл облысы Қайнар ауылының шетінде полиция қызметкерлері 50 килә марихуана сату кезінде облыстың екі тұрғынын ұстады», дейді Қ. Жұманов.