Апта ішінде республика бойынша 1851 қылмыс жасалды

None
АСТАНА. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қарашаның 22-сі мен 30-ы аралығында ел аумағында 1851 қылмыс тіркелді. Бұл туралы бүгін журналистерге брифинг барысында ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ішінде 1403-і қылмыстың ізі суымай ашылған. Қылмысқа қатысы бар деген сезікпен 156 күдікті ұсталды, 6 атыс қаруы тәркіленді.

Ал есірткі қылмысына қарсы күрес желісі бойынша 137 қылмыс тіркелген. Соның ішінде есірткі сату фактісі бойынша 45 оқиға анықталды. Қарашаның 25-і күні Павлодарда Павлов көшесінде қала тұрғыны басқарған Газель автокөлігі ұсталып, оның ішінен 50 грамм героин табылды. Үйін тінту барысында тағы 1 келі және 314 грамм аталмыш есірткі заты алынды.