Коллаж: Kazinform / Kinopoisk.ru
Бауыр
Жанры: комедия
Ұзақтығы: 100 минут
Ел: Қазақстан, 2026
Режиссер: Әсет Жұмақан
Үш дос — церебралды сал ауруына шалдыққан Азамат, көзі көрмейтін Әлихан және мүгедектер арбасына таңылған, сөйлей алмайтын Берік Көкшетаудан Алматыға жолға шығады. Алайда қарапайым сапар күтпеген оқиғаларға толы шытырман саяхатқа айналады. Жолда оларға олақ таксист Аман мен Балнұр есімді қыз қосылады. Бірге өткізген уақыт достарды жақындастыра түседі. Ал бұл сапар Азамат үшін айрықша маңызды. Өйткені ол баяғыда жоғалтқан адамын табуға үміттенеді.
Қара түйін
Жанры: детектив, триллер, қорқынышты фильм
Ұзақтығы: 84 минут
Ел: Қырғызстан, 2026
Режиссер: Илгиз Куватбек, Шамилбек Бекболсун уулу
Қырғызстанның қалың қар басқан шалғай ауылында 12 оқушы мінген мектеп автобусы жоғалып кетеді. Ауыл тұрғындары балаларды тылсым күштер алып кетті деп ойлайды. Олар бұл оқиғаға ел арасында «Жез кемпір» атанған кәрі емшіні кінәлайды. Ашуға булыққан жұрт одан жауап талап етуге аттанады. Бірақ сол түні болған оқиғаның шындығы одан да қорқынышты еді.
Құдірет
Жанры: драма
Ұзақтығы: 76 минут
Ел: Қазақстан, 2026
Режиссер: Талгад Жаныбеков
Алматыдағы танымал кардиохирург Аян операция кезінде адам тағдыры өз қолында деп сенеді. Алайда бір сәтсіз операциядан кейін науқас бала көз жұмады. Дәрігер сотқа тартылып, жұмыстан шеттетіледі. Көп ұзамай оны халықаралық медициналық форумға шақырады. Жолда көлігі бұзылып, далада жалғыз қалады. Сол жерде ауыр науқас баласын бағып отырған Гауһармен кездеседі. Бұл оқиға Аянның өмірге көзқарасын өзгертіп, тәкаппарлығын жеңуге көмектеседі.
Ақырғы аялдама: № 13 көпір, (Пункт назначения: Мост № 13)
Жанры: ужасы, триллер
Ұзақтығы: 107 минут
Ел: Индонезия, 2026
Режиссер: Джеро Поинт
Елдің екі бөлігін жалғайтын алып көпірдің құрылысы кезінде адамдар бірінен соң бірі қаза таба бастайды. Осы оқиғалардан кейін әкесінің із-түзсіз жоғалуына алаңдаған бойжеткен мен оның ағасы өз бетінше тергеуге кіріседі. Көп ұзамай олар құрылыс алаңындағы өлім-жітім жай ғана кездейсоқ оқиғалар емес екенін аңғарады. Біреуге немесе әлдебір тылсым күшке жаңа құрбандар керек. Ал ажалдың кезекті құрбанын таңдайтын уақыты жақындап келеді.
Ымырт. Сага. Күн тұтылуы, (Сумерки. Сага. Затмение)
Жанры: мелодрама, фэнтези, триллер
Ұзақтығы: 100 минут
Ел: АҚШ, 2010
Режиссер: Дэвид Слэйд
Сиэтл қаласында жұмбақ өлімдер көбейіп, жұртты үрей билейді. Осы оқиғалардың артында Белладан кек алуды көздеген вампир тұр. Ал қатерлі жағдайға тап болған Белла Эдвардқа деген сезімі мен Джейкобпен достығының арасында таңдау жасай алмай, екіұдай күй кешеді. Оның шешімі вампирлер мен қасқырлар арасындағы бұрыннан келе жатқан бітіспес тартысты қайта өршітуі мүмкін. Бұған қоса, мектеп бітіруіне аз қалған Белланы өміріндегі ең маңызды таңдаулардың бірі күтіп тұр: өмір ме, әлде өлім бе?
Роллинг Лауд. Думанды дүрбелең, (Роллинг Лауд. Дикое веселье)
Жанры: комедия
Ұзақтығы: 110 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Джереми Гарелик
Жасөспірім ұлымен тіл табысуды қалаған әке оны жасырын түрде Rolling Loud музыкалық фестиваліне алып барады. Алайда әке мен баланың фестивальге жасаған бұл сапары көп ұзамай күтпеген оқиғаларға толы әбігерге айналады.
Джордж Майкл: «Сенім» туры, (Джордж Майкл: The Faith Tour)
Жанры: деректі кино, өнер
Ұзақтығы: 113 минут
Ел: Ұлыбритания, 2026
Режиссер: Дэвид Остин, Эндрю Морахэн
1988 жылы Джордж Майкл Париждегі «Пале Омниспорт де Пари-Берси» сарайында екі кеш қатарынан концерт берді. Оның өнері 35 мм кинопленкаға түсірілді. Бұл концерттер әншінің Faith Tour атты еуропалық туры аясында өтті. Араға жылдар салып, бейнежазба қайта өңделіп, қалпына келтірілді.
Империяның құрылуы, (Империяның құрылуы)
Жанры: биография, драма, тарих
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Андрей Кравчук
Ұлы елшілік сапарынан Отанына оралған І Петр теңізге шығу жолын ашу үшін Швециямен ұзаққа созылған соғысқа кіріседі. Жеңіске жету жолында оны талай сынақ, көңіл қалу, алдау мен сатқындық күтіп тұр.
Қанаты қатайған, (Окрылённая)
Жанры: драма
Ұзақтығы: 100 минут
Ел: АҚШ, Австралия, Германия, 2020
Олег Борецкийтің киноклубы халыққа жігер беретін фильмдер топтамасын жалғастырады. Бұл фильм — адам ерік-жігерінің кез келген қиындықты жеңе алатынын еске салатын әсерлі оқиға. Онда махаббаттың құдіреті, жақын жандардың қолдауы мен адамға күтпеген жерден күш беретін сенім туралы баяндалады.
Тірі кітап, (Живая книга)
Жанры: шытырман оқиғалы, фэнтези, отбасылық фильм
Ұзақтығы: 104 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Денис Гуляр
Әкесінен айырылған соң Рома жақсылыққа сенуден қалып, айтқанынан қайтпайтын балаға айналады. Бір күні ол жасқаншақ Витямен бірге жұмбақ қарттың үйіне жасырын кіреді. Сол жерден кейіпкерлері тіріліп кететін сиқырлы кітаптарды табады. Абайсызда олар зұлым сиқыршыны босатып алады. Енді досын құтқарып, бәрін орнына келтіру үшін Рома өзіне деген сенімін қайта табуы керек.
Бөрікті мысық, (Кот в шляпе)
Жанры: мультфильм, фэнтези
Ұзақтығы: 107 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Алессандро Карлони, Эрика Ривинойя
Қиял мен шабыт институтында жұмыс істейтін мысық бір күні ештеңеден көңілі көтерілмей, зерігіп отырған аға мен қарындасқа көмектесуге жіберіледі.
Кішкентай жындар Батысты аралайды, (Маленькие демоны путешествуют на Запад)
Жанры: анимация, комедия, фэнтези
Ұзақтығы: 118 минут
Ел: Қытай, 2026
Режиссер: Юй Шуй
Өз тобынан қуылған екі жас яогуай — Қабан мен Бақа үлкен алаяқтық ойлап табады. Олар қасиетті жазбаларды іздеп Батысқа сапар шегіп бара жатқан тан монах пен оның серіктері туралы естиді. Сөйтіп, солардың кейпіне еніп, өздерін атақты жолаушылар ретінде көрсетпек болады. Қабан Чжу Бацзенің, ал Бақа монахтың рөлін сомдайды. Үндемейтін Ша Сэннің орнына көп сөйлейтін Күзен жын таңдалады. Ал айлакер Сунь Укунның рөлін ойнауға көп үгіттен кейін жасқаншақ әрі ебедейсіз Горилла келіседі. Олар шынайы жолаушылардан бұрын жолға шығып, жұрттың құрметіне бөленуді көздейді. Сондай-ақ қасиетті жазбаларға олардан бұрын жетіп, мәңгілік өмірге қол жеткізуді армандайды.
Аң, (Зверь)
Жанры: боевик, драма, триллер
Ұзақтығы: 99 минут
Ел: Ұлыбритания, АҚШ, 2026
Режиссер: Ренни Харлин
АҚШ-та белгісіз қарулы топ мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырады. Осы кезде президент өз өмірі мен елін қорғау үшін «Аң» деп аталатын аса құпия әскери жүйенің барлық мүмкіндігін пайдалануға мәжбүр болады.
Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.