ЕРІКСІЗ ҚАНДЫҚОЛДАР (Убийцы поневоле)
Жанры: драма, комедия, криминал
Ұзақтығы: 118 минут
Ел: АҚШ, 2024
Режиссер: Джеффри Рейнер
Түрмеден босап шыққан Дон өткен өмірін артта қалдырып, жаңа парақтан бастағысы келеді. Алайда бұрынғы серіктесінің ұсынысы оны қайтадан қылмыс әлеміне жетелейді. Үлкен қарыздан құтылу үшін оған кісі өлтіру тапсырмасын орындауды ұсынады. Енді басты кейіпкер тағдырын өзгертер шешім қабылдауы керек.
ОЙЫНШЫҚТАР ХИКАЯСЫ 5 (История игрушек 5)
Жанры: шытырман оқиға, драма, комедия, мультфильм, қиял-ғажайып, отбасы
Ұзақтығы: 90 минут
Ел: АҚШ, Жапония, 2026
Режиссер: Маккенна Харрис, Эндрю Стэнтон
Вуди, Базз және Джесси тағы да экранға оралды. Бірақ бұл жолы олардың басты қарсыласы басқа ойыншықтар емес, балалардың уақытын толықтай жаулап алған заманауи гаджеттер. Кейіпкерлер достық пен қиялдың құндылығын дәлелдеуге тырысады.
АҚИҚАТ АШЫЛҒАН КҮН (День разоблачения)
Жанры: драма, триллер, ғажайып
Ұзақтығы: 120 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Стивен Спилберг
Адамзат тарихындағы ең үлкен жаңалықтардың бірі жария болады: ғаламда адамдардан өзге тіршілік иелері бар екені анықталады. Бұл хабар бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, қоғамды жаңа шындықпен бетпе-бет қалдырады. Картина адамдардың мұндай ақиқатты қабылдауға қаншалықты дайын екенін көрсетеді.
ҚЫСЫМ (Давление)
Жанры: әскери, драма, тарих, триллер
Ұзақтығы: 100 минут
Ел: Ұлыбритания, Франция, 2026
Режиссер: Энтони Марас
Фильм оқиғасы 1944 жылдың маусымында өрбиді. Нормандияға әскерді қондыру операциясына дайындық жүріп жатқан шақта шешуші рөл британдық метеоролог Джеймс Стэггке жүктеледі. Оның ауа райына қатысты қорытындысы мыңдаған адамның тағдырына әсер етуі мүмкін. Қате шешім соғыстың бағытын өзгертіп жіберуі ықтимал.
ЗҰЛЫМ ҰЯСЫ: МУТАЦИЯ (Обитель зла: Мутация)
Жанры: хоррор
Ұзақтығы: 91 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Нэнси Леопарди
16 жастағы Элли өзіндегі сырқаттың себебі қарапайым генетикалық ерекшелікте емес екенін сезе бастайды. Көп ұзамай ол асырап алған ата-анасының шығу тегі туралы маңызды құпияларды жасырғанын біледі. Шындыққа жақындаған сайын қыздың өмірі қауіпті бола түседі.
ОМЕН: ЗҰЛЫМНЫҢ БЕЙНЕСІ (Омен. Обличье зла)
Жанры: хоррор
Ұзақтығы: 75 минут
Ел: Испания, 2026
Режиссер: Джейкоб Сантана
Күйеуімен ажырасқан Алисия қызымен бірге жаңа үйге көшіп келеді. Алайда тыныш өмір ұзаққа созылмайды. Қызы жұмбақ көк көйлек тауып алып, белгісіз рухпен байланыс орнатады. Осыдан кейін отбасының өткеніне қатысты құпиялар ашыла бастайды.
ОЛ. ТҮНГІ ҚОРҚЫНЫШ (Оно. Ночной кошмар)
Жанры: хоррор, триллер
Ұзақтығы: 89 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Брэндон Оман
Жаңа қалаға қоныс аударған Сара бала күнгі қорқыныштарымен қайта бетпе-бет келеді. Бұрын тек түсінде көретін құбыжық енді шынайы өмірге еніп, оның ұлына қауіп төндіреді. Кейіпкер зұлымдықтың көзін жою үшін өткен шақтың ауыр естеліктеріне қайта оралуға мәжбүр болады.
Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.