Апта премьералары: кинотеатрларда қандай фильмдер көрсетіледі
АСТАНА. KAZINFORM – Осы аптада кинотеатрлар репертуары түрлі жанрдағы жаңа туындылармен толықты. Көрермен назарына отандық драма мен әлеуметтік фильмдерден бастап, шетелдік хоррор, комедия, экшн және мультфильмдер ұсынылуып отыр. Жаңа прокатта тағдыр, махаббат, қорқыныш пен адам психологиясын арқау еткен бірнеше картина бар.
Осы аптадағы кинопремьераларды Kazіnform тілшісінің шолуынан біле аласыздар.
ПЕРІШТЕ 8.9 ⭐️
Жанры: драма
Ұзақтығы: 89 минут
Ел: Қазақстан, 2026
Режиссер: Анвар Матжанов
Кішкентай ауылдан үлкен қалаға оқу үшін көшіп келген Айжан жаңа, еркін өмір мен үлкен махаббатты армандады. Ата-анасынан жасырын түрде тұрмысқа шығып, отбасылық бақытын тапқанына сенеді. Алайда күйеуі туралы күтпеген шындық ашылып, арты қайғылы оқиғаға ұласады. Сол оқиғадан кейін оның өмірінде өзі күтпеген, өзі таңдамаған балалар пайда болады.
Бұл – күтпеген тағдырды қабылдауға тура келген әйелдің оқиғасы.
ТАҒДЫР НҮКТЕСІ: ЖАҢА ҚАН (Пункт назначения. Новая кровь) 6.3⭐️
Жанры: хоррор
Ұзақтығы: 103 минут
Ел: Индонезия, 2025
Режиссер: Адхе Дхармастрия
Кливонның әкесі Мулванто мырзаның сейсенбі күнгі қазасы Нуридің отбасы үшін бақытсыздықтардың бастамасына айналды. Осы күні қайтыс болған адам өзімен бірге отбасы мүшелерін де алып кетеді деген наным бар. Сондықтан әулет мүшелері өмірлерін сақтап қалу үшін бірнеше жоралғыны істеуі керек.
АҚЖЕЛКЕН (Петрушка) 4.0⭐️
Жанры: комедия
Ұзақтығы: 91 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Павел Воронин
Дарыны бар, бірақ батылдығы жетіспейді. Аспаз Петя бала кезінде әжесіне берген уәдесі болмағанда, өз сенімсіздігінің тасасында қалып, жалтақтап өмір сүре берер ме еді? Оның үстіне, тағдыр оған беделді мейрамхананың асханасында жұмыс істеу мүмкіндігін сыйлайды.
Алайда арманы орындалар сәтте бәрі күрт өзгереді: атақ пен табысқа жету үшін бәріне дайын жан досы Рома оның сеніміне опасыздық жасайды. Петя мұндай соққыны жалғыз еңсере алмас еді. Бірақ оған күтпеген жерден көмекке тірілген қуыршақ – Петрушка келеді.
Өткір тілді Петрушка шындықты жасырмай айтып, Петяға өз әлсіздіктерін жеңуге көмектеседі. Енді Петя арманы мен махаббаты үшін күресіп, бала күнгі уәдесін орындауға және өзінің кім екенін табуға күш жинауы тиіс.
КӨЛЕҢКЕ 8.7⭐️
Жанры: драма, әлеуметтік
Ұзақтығы: 73 минут
Ел: Қырғызстан, 2026
Режиссер: Мирлан Омуралиев, Темирлан Эркинов
Самат өмірден бәрін тек күшпен алып үйренген. Кездейсоқ бұрынғы танысы Әселді кездестіріп, ол оны «өз тағдырым» деп шешеді. Самат үшін оның «жоқ» дегені де, өзінің жеке өмірі де маңызды емес.
Бұл әуестік Әселдің тағдырын қалай өзгертеді? Өзін тұлға емес, «меншігі» деп қарайтын адамнан ол құтыла ала ма?
МіІНЕ, ДРАМА! (Вот это драма!) 6.5⭐️
Жанры: комедия, мелодрама
Ұзақтығы: 106 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Кристоффер Боргли
Өзіңіздің екінші жартыңызды қаншалықты жақсы танисыз? Чарли мен Эмма бір-біріне ғашық және жақында үйленбек. Үйлену тойының орны белгіленген, шақыру билеттері таратылған, көптен күткен салтанатқа санаулы күндер ғана қалды. Бірақ алғашында түк емес көрінген бір шындық бәрін төңкеріп жібереді. Чарли Эмма туралы білгісі келмейтін құпияны біліп қояды… Енді «бақытты ғұмырға» апарар жолда олардың махаббаты күтпеген сынақтар мен драмаға тап болады.
«ПАНДА» ОПЕРАЦИЯСЫ: ЖАБАЙЫ МИССИЯ (Операция «Панда». Дикая миссия) 6.4⭐️
Жанры: экшн, шытырман оқиға, комедия
Ұзақтығы: 100 минут
Ел: Қытай, 2026
Режиссер: Дерек Хуэй
Кунг-фу шебері Джеки (Джеки Чан) сүйкімді жануары – Сюсю панданы жаңа қорықшаға жеткізу керек. Алайда жолда оларға халықаралық тонаушылар бандысы шабуылдайды. Олармен шайқасқа түскен Джеки жардан құлап кетеді, есін жиса, айналасында жабайы тайпа тұр. Панданы құтқару үшін жекпе-жек шебері жабайылармен тіл табысып қана қоймай, сондай-ақ «жабайы» мәселелерді шешуге көмектесуі тиіс.
НОРМАЛ 7.8⭐️
Жанры: экшн, криминал, триллер
Ұзақтығы: 90 минут
Ел: Канада, АҚШ, 2024
Режиссер: Бен Уитли
Улисс шериф қызметін уақытша атқару үшін Нормал деген шағын қалашыққа келеді. Қала қауіпсіз әрі мейірімді болып көрінеді. Бірақ банкті тонағаннан кейін Улисс бүкіл қалаға қатысты қылмыстық қастандықты ашады. Енді ол барлық жолмен жүріп, осы айқын идилияны жою керек.
ЖЫРТҚЫШ. ТАМҰҚҚА ТҮСУ (Хищник. Спуск в преисподнюю) 6.5⭐️
Жанры: хоррор
Ұзақтығы: 91 минут
Ел: АҚШ, 2025
Режиссер: Ховард Дж. Форд
Алты дос алыстағы үңгірлер жүйесінде жоғалып кеткен адамды іздеуге аттанады. Алайда олар үңгірдің тереңінде жасырынған ежелгі тіршілік иесінің өздерін аңдып жүргенін білмейді.
КҮЛБИКЕ: ҮШ ТІЛЕКТІҢ ҚҰПИЯСЫ (Золушка. Тайна трёх желаний) 4.0⭐️
Жанры: қиял-ғажайып, мультфильм
Ұзақтығы: 86 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Владимир Саков
Әкесі қайтыс болған соң, Күлбике өгей шешесінің қаталдығын көрсе де, жүрегіндегі мейірімі мен көңілді мінезінен арылмады. Оның ең жақын досы – атақ-даңқты армандайтын Северин есімді отыншы жігіт. Бір күні ол киелі «Мәңгі Шерман» ағашын тауып алады, бірақ ашу үстінде оған тіл тигізіп, ол оны борша тышқанға айналдырып жібереді. Досын адам кейпіне қайтару үшін Күлбикеш киелі ағаштың шартын орындауға тиіс. Осы тұста патша өзінің жеңілтек ұлына сабақ болсын деген ниетпен зәулім сарайда салтанатты бал өткізетінін жариялайды. Күлбикенің сол думанға барып, ханзаданы көру туралы арманын өгей шешесі бұзбақшы, өйткені өз қызын ханзадаға қоспақ ойы бар. Енді адал дос – кішкентай борша тышқан Күлбикешке үй шаруасын бітіруге, сарайға жетуге және бақыты үшін күресуге көмектеседі. Ол тіпті сол жолда өмір бойы кішкентай кеміргіш кейпінде қалып қоюға да даяр.
ЛИ КРОНИННІҢ МУМИЯСЫ (Мумия Ли Кронина) 8.5⭐️
Жанры: хоррор
Ұзақтығы: 133 минут
Ел: АҚШ, Ирландия, 2026
Режиссер: Ли Кронин
Журналистің кішкентай қызы шөл далада із-түссіз жоғалып кетеді. Сегіз жылдан кейін ол қайта оралып, күйзелген отбасы тағы бір соққы алады. Қуанышты қауышу болуы тиіс жағдай шынайы қорқынышты түске айналады.
Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.