Леонардо. Бес ғасырдан кейін (Леонардо. Пять веков спустя)
Леонардо да Винчидің соңғы туындысын аяқтағанына бес ғасыр өтсе де, оның мұрасы әлі күнге дейін адамзат өркениетіне ықпал етіп келеді. Фильмде суретшінің шығармашылық жолы мен ғылыми ізденістері, инженерлік жобалары және Қайта өрлеу дәуіріне қосқан үлесі жан-жақты баяндалады. Өнертанушылар мен инженерлердің пікірлері, сондай-ақ жасанды интеллектінің көмегімен жүргізілген зерттеулер арқылы Леонардо еңбектеріне жаңа көзқарас көрсетіледі. Көрермен Италия мен Франциядағы ұлы ойшылдың ізі қалған тарихи орындарға саяхат жасайды.
● Ұзақтығы: 90 минут
● ҚР премьерасы: 2026 жылғы 1 шілде
● Түсірген ел: Италия, 2019
● Режиссер: Франческо Инверницци
298-рейс
Нью-Орлеаннан Сиэтлге бет алған 298-рейс күтпеген жерден тылсым оқиғалардың ортасына түседі. Жұмбақ жарықтар мен жоғары турбуленттіліктен кейін жолаушылардың басынан қорқынышты жағдайлар өте бастайды. Олар борттағы белгісіз құбыжықтан аман қалуға тырысып, шындық пен елестің арасын ажырата алмай қалады.
● Ұзақтығы: 90 минут
● ҚР премьерасы: 2026 жылғы 2 шілде
● Түсірген ел: АҚШ, 2026
● Режиссер: Стивен Куэйл
Драйв
Жас жігіт жүргізуші мектебінің көлігін ұрлап, достарымен бірге елдің жартысын кесіп өтетін сапарға аттанады. Оның жалғыз мақсаты, кеш болмай тұрғанда сүйіктісіне жетіп, қарым-қатынастарын сақтап қалу.
● Ұзақтығы: 102 минут
● ҚР премьерасы: 2026 жылғы 2 шілде
● Түсірген ел: АҚШ, 2025
● Режиссер: Бобби Фаррелли
Шақырту (Приглашение)
Джо мен Анджела қарым-қатынастарына жаңа серпін беру үшін олар көршілерін кешкі асқа шақырады. Алайда жай ғана дастарқан басындағы кездесу күтпеген бағытқа бұрылып, көршілердің тосын ұсынысы төрт адамның өміріне өзгеше сынақ әкеледі.
● Ұзақтығы: 108 минут
● ҚР премьерасы: 2026 жылғы 2 шілде
● Түсірген ел: АҚШ, 2026
● Режиссер: Оливия Уайлд
Қоршауда (Захват)
Азия чемпионы әрі Олимпиадаға дайындалып жүрген жас боксшы Байсал көшеде қызға араша түсемін деп, екі адамның өліміне күдікті болады. Марқұмдардың бірінің әкесі кек алуға бел буған соң, Байсал өмір мен өлімнің арасында қалады. Енді ол тек еркіндігін емес, өз өмірін де қорғауға мәжбүр.
● Ұзақтығы: 75 минут
● ҚР премьерасы: 2026 жылғы 2 шілде
● Түсірген ел: Қырғызстан, 2026
● Режиссер: Азирет Абдраимов
● Дубляж: қазақ тілінде
● Субтитрлер: орыс тілінде
Жылдамдық жыны (Демон скорости)
Зымыраған жүрдек пойызда жын-шайтан оянады. Оған қарсы тұра алатын жалғыз адам сенімінен айырылған монах әйел болады. Ол жын қонған жолаушыны құтқарып үлгермесе, пойыздағының бәрін ажал күтіп тұр.
● Ұзақтығы: 95 минут
● ҚР премьерасы: 2026 жылғы 2 шілде
● Түсірген ел: АҚШ, 2026
● Режиссер: Джон Кийес
Төменнен төнген қауіп (Оно приходит снизу)
Изабель балаларымен бірге арзан пәтерге көшіп келеді. Алғашында жайлы көрінген жаңа мекен көп ұзамай үрейлі орынға айналады. Ұйқы қашып, пәтер ішінде түсініксіз құбылыстар жиілейді. Бір сұмдық дәл еденнің астында жасырынып жатқандай әсер қалдырады.
● Ұзақтығы: 94 минут
● ҚР премьерасы: 2026 жылғы 2 шілде
● Түсірген ел: Испания, 2025
● Режиссер: Кристиан Бернард
Астрал. Экзорцист қарғысы (Астрал. Проклятие экзорциста)
Таиландтағы ең ірі католик ауылында қырық жылдан кейін жын қайта оралып, жұртты дүрліктіреді. Жын шығару рәсімі нәтиже бермеген соң, дін қызметкері ежелгі бақсымен күш біріктіріп, зұлымдыққа қарсы күресуге бел буады.
● Ұзақтығы: 120 минут
● ҚР премьерасы: 2026 жылғы 2 шілде
● Түсірген ел: Таиланд, 2025
● Режиссер: Тавиват Вантха
Шөл баласы (Мальчик и лис)
Он төрт жастағы Сан атасының Сахара шөлінде түйеқұстардың арасында өскен Хадар туралы әңгімесіне сүйеніп кітап жазады. Кейін ол аңыздың ақиқатын анықтау үшін шөлге аттануға бел буады. Себебі бұл оқиғаның шындыққа жанасуы мүмкін екеніне сенімді.
● Ұзақтығы: 92 минут
● ҚР премьерасы: 2026 жылғы 2 шілде
● Түсірген ел: Франция, Бельгия, 2026
● Режиссер: Жиль де Мэтр
Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.